Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары басталады. Ол, Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтонда өтетін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады. Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән берілмек. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу шараларын әзірлеуге ден қойылады. Сонымен қатар, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. Айта кетейік, бұл Мемлекет басшысының жыл басынан бергі АҚШ-қа жасаған алғашқы сапары.

