Президент: Салық кодексіне қатысты көп өтініш түсті
Бизнес реформадан зардап шекпеуі тиіс. Ақордада өткен марапаттау шарасында
Қасым-Жомарт Тоқаев ел ахуалына қатысты біраз мәселені көтеріп, Салық кодексіне
де ерекше тоқталды. Әрі Үкіметке кәсіпкерлермен диалог жүргізуді тапсырғанын
айтты. Дегенмен экономикалық реформаларды мүлде тоқтатуға болмайды. Қиын болса
да, өзгеріс жасалуы тиіс. Біріншіден, бұл – заман талабы, екіншіден - алдағы
уақытта оң нәтижесін міндетті түрде беретін жұмыс. 2026 жылы елімізде жаңа
Салық кодексі енгізілуі тиіс. Ол жыл басынан бері қызу талқыланып келді. Бірақ
екі апта бұрын Президент Үкіметке жеңілдетілген салық режиміне кіретін шағын
бизнестің қатарын көбейтуді тапсырған. Өйткені Президентке кәсіпкерлерден түсіп
жатқан шағымдар көбейген.

