Президент жедел штаб отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жедел штаб отырысын өткізді. Мемлекет басшысына Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ішкі істер және қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушылар есеп берді. «ҰҚШҰ бітімгерлерінің Нұр-Сұлтанда күзет функциясын орындауы, қазақстандық құқық қорғау органдарының күштерін Алматыдағы лаңкестікке қарсы күрес операцияларына жұмылдыруға мүмкіндік тудырды», – деп штаб отырысында атап айтылды.

Мемлекет басшысы ел азаматтарының мүддесі үшін елдегі ахуалды тұрақтандыруға бар күш-жігерді жұмылдыру бағытында тапсырмалар берді.