Жыл басынан бері 16 дала өрті тіркелді
Жыл басынан бері үш мыңнан астам адам өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға салынған айыппұлдың сомасы 52 миллион теңгеден асқан. Әсіресе үй маңында немесе саяжайда өрт сөндіруге қажетті құрал-жабдық болмаса, от жағуға мүлдем тыйым салынады. Мұны мамандар ескертеді. Өйткені бір ғана ұшқын бүтін бір орман алқабын күлге айналдыруы мүмкін.

