«Даму» қоры Еуропалық кепілдік ұйымдарының қауымдастығына қосылды

«Даму» қоры Еуропалық кепілдік ұйымдарының қауымдастығына қосылды

Осының арқасында қор еуропалық кепілдік берудің озық тәжірибесіне қол жеткізе алады. Сондай-ақ қордың халықаралық серіктестік желісін кеңейту әлеуетіне қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, қауымдастық жұмысы аясында жұмыс топтарының отырыстары, жыл сайынғы семинарлар, тренингтер және арнайы іс-шаралар өткізіледі. Мұндай іс-шараларға қатысу Қорға халықаралық қаржы институттармен және еуропалық кепілдік ұйымдарының қауымдастығына мүше ұйымдармен тікелей диалог, ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Еуропалық қауымдастық 30 жылдан астам уақыт бұрын құрылған. Еуропалық қауымдастық серіктестерге жақсырақ қызметтер ұсынуға қажет тиісті кепілдік құралдарын алға жылжыту үшін техникалық деректерді, статистиканы, ақпараттық бюллетеньдерді және басқа жарияланымдарды ұсына отырып, кепілдік секторын үнемі қадағалап отырады.