Химиядан республикалық олимпиада басталды
Ұлытауда Химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы Республикалық олимпиада басталды. Білім жарысына елдің әр өңірінен 80-ге жуық оқушы келген. Республикалық дода Ұлытау облыстық білім басқармасы, Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы және «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өтуде.

