Газ бағасына тариф келесі жылы да мемлекет тарапынан реттеледі

Қазақстан  аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы бағасы тағы 6 ай бойы мемлекет тарапынан реттеледі. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығында айтылған.  Ол келер жылдың 30 маусымына дейін күшінде болады. Бағаны реттеуге сұйытылған мұнай газы нарығының бөлшек сегментінде еркін баға белгілеу жағдайында бағаның күрт өсу және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің пайда болу қаупі ықпал еткен.  

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша 5 шілдеде автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген еді. Газ бағасы өңірге байланысты литріне 70 теңгеге дейін болды. Аталған бұйрықтың қолданылу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарда аяқталады.