Психологтардың мемлекеттік тізілімі жасалады
Коучтарға тықыр таянды. Сенат адам санасымен жұмыс істейтін мамандарды сарлайтын заңды мақұлдады. Оған сәйкес, енді мықты психологтың өзі қайта сынақтан өтіп, мемлекеттік тізілімге тіркелуі қажет. Іріктеуден өткен психологтарға арнайы лицензия беріледі. Ал оны елемей жұмысын жалғастырғандар жауапкершілікке тартылады. Өткен жылы бұл мәселені мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтай жиынында көтерген. Артынша депутаттар жаңа заңды әзірлеп, алты ай талқылады.

