Рамазан — сабыр айы

Жексенбіге жеткен, жетінші күнге келген бүгінгі оразамыз қалай өтті?
Демалыста отбасыңызбен шүйіркелсе отырып, ауызды ашқан болсаңыздар, арқаны кеңге салған болсаңыздар, "Ораза қабыл болсын!" бағдарламасын өткізіп алмаңыздар!

Бүгінгі тақырыбымыз: Рамазан - сабырлық айы. Сабырды түсіну үшін, мінезді түсінуіміз керек. Мінездің ұғымы кең. Тереңіне бармай-ақ, әлсіз мінез бен күшті мінез деп бөлсек болады.

Осы мінездің ішіндегі сабыр дегеніміз не? Мінездің сапасына оның әсері қандай?