Рим Папасы Қазақстанның конфессияаралық келісімге қосқан үлесін атап өтті

Рим Папасы Қазақстанның конфессияаралық келісімге қосқан үлесін атап өтті

Рим-Католик шіркеуінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы жалпыұлттық референдум өткізу аясындағы саяси және экономикалық реформаларына жоғары баға берді. Бұл туралы Рим Папасы Франциск  Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеуінде айтты. Ол Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Келіссөздер барысында тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің күн тәртібін де талқылады. Еске салсақ, ол қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы Кардинал Пьетро Паролинмен және Дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің төрағасы кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксотпен келіссөздер жүргізді. Мұхтар Тілеуберді Мемлекет басшысының атынан конфессияаралық диалогты дамытуға, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ілгерілетуге қосқан қомақты үлесі үшін кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксотқа ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.