Салық кодексіндегі өзгерістер
Үкімет қосымша құн салығы бойынша межені бұрын
ұсынылған 15 млн теңгенің орнына 40 млн теңге деп белгілеу туралы шешім
қабылдады. Енді қосылған құн салығы - 16%. Төменгі шегі - 40 млн теңге.
Мәжілісте жаңа салық кодексі талқыланды. Жалпы
қазіргі қолданыстағы заң бойынша қандай өзгерістер бар? Салық көбейген сайын
оны төлеушілер азаяды. Енді жоғарыдағы шешімнен кейін қанша салымшыдан айырылып
қалуымыз мүмкін?
«JJ Studio»-да Мәжіліс депутаты - Нұртай Сабильянов осы
және өзге де сұрақтарға жауап берді.

