Самғау Нәсіпхан: Әйгілі Димашқа да аяқ киім тіктім

Самғау Нәсіпхан: Әйгілі Димашқа да аяқ киім тіктім

Елдегі автонарықта өзгеріс көп. Енді көліктерді 4 пайыздық жеңілдетілген несиемен алып, 7 жылда бөліп төлеуге болады. Дегенмен қолыңызда белгіленген соманың 50 пайызы болу керек. Жалпы Қазақстан автонарығындағы жағдай қандай? Автонесие тұрғындар үшін қаншалықты тиімді? Сарапшылар жауап берді.

Ұлттық киім трендте. Студияда Президентке туфли, спорттық аяқ киім тіккен - Самғау Нәсіпхан қонақта. Еңбек адамы Мемлекет басшысынан бөлек, танымал Димаш Құдайбергеннің де сахналық аяқ киімдерін тіккен. Бүгінде айына 3 мың жұп аяқ киім шығаратын шебер, 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Ал Ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдардың бағасы мен сапасы көңілге қонымды ма? «Шетелдіктер біздің зергерік бұйымдарға қызығады». Еуропадағы көрсетілімдерде топ жарып жүрген – Алтынай Әшірбаева не дейді?

Сондай-ақ, «Бүгін. Live» студиясында «MYRZA BRAND»-тің негізін қалаған Тасқын Мырзамен сұхбат өтті. Жүздеген маманды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер өз оқиғасымен бөлісті.

Талантты әнші, музыкант - Остап Скороход Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Құстар әнін» студияда орындады. Осы және өзге де қызықтар - «Бүгін. Live» бағдарламасында.