«Бүгін.Live» 20 жастағы сарбаздың арманын орындады
Ұлттық ұлан сарбазы Батырхан Сағидолла осыдан біраз уақыт бұрын Бүгін.лайфқа келіп, көкейіндегі арманын – бала арманын айтқан еді. Ендеше, бізден тосынсый – 20 жастағы сарбаз Батырханның осы арманын бүгін орындау.
20 жыл бойы әскери шеру жүргізген диктор Азамат Қанапия өз жаңалықтарын ортаға салады.
Сондай-ақ, Қазақстан Қарулы күштерінде еңбек етіп жүрген династиялар көп. Мәселен, Ұлттық ұланда әулетімен әскери қызмет атқаратын жанұяның бірі – Төкешовтер әулеті. Кенжебек Төкешов мырза студиямызға қонаққа келді.

