Шаруаларға субсидия үшін 1 млрд теңге бөлінбек

Шаруаларға субсидия үшін 1 млрд теңге бөлінбек

Атырауда биыл егін шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінбек. Нақтырақ айтсақ, саланы ілгерлетуге қазынадан  1 млрд  қаржы қарастылып отыр. Қаражат тыңайтқыш сатып алуға, тұқым шаруашылығын дамытуға және зиянкестерден келген шығынды өтеуге жұмсалмақ. Жалпы өңір климаты өте қолайсыз,  қатаң болғандықтан шаруалар жыл сайын біраз тығырыққа тірелетіні жасырын емес. Сондықтан, көбі суармалы жүйеге мұқтаж. Сол себепті шаруаларсу үнемдеу техникасын пайдалануды көздейді. Осылайша, шаруалар  тіршілік нәрін  үнемдеп өнім көлемін ұлғайтпақ.