Шерзат Болаттың ісі Бас Прокуратураның бақылауында

Шерзат Болаттың ісі Бас Прокуратураның бақылауында

Талғардағы қанды оқиғаны тергеу барысы Бас Прокуратураның бақылауында. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс әлі ақталмады. Бірақ бірнеше адам ұсталып, бірқатар айып тағылған, - деді бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев. Сондай-ақ ол жеткіншек ісі бойынша оның әкесі Қаржаубай Нұрымов туралы да пікір білдірді.  

Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас Прокурорының орынбасары:

– Марқұмның әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын нақты айта аламын. Сосын үйді өртеуге қатысты тергеу әлі жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Жұмыс тоқтаған жоқ.