Швейцарияда түркі халықтары жазбасының көрмесі өтті

Швейцарияның Берн қаласында түркі халықтары жазбаларының халықаралық көрмесі өтті. Мұнда Қазақстан, Қырғызстан және Әзербайжан қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары көрсетілді. Көрмеде петроглифтердің, жазулар мен таңбалардың тасқа қашалған заманауи көркемдік бейнесін көруге болады. Ұсынылған жұмыстар түркі халықтарының мәдени мұрасы мен болмысын көрсетеді. Сонымен қатар кез келген адам өзін ежелгі шеберлердің рөлінде сынап, өз символын немесе петроглифін жасай алады. Келушілерге шеберлік сабақтары барысында олардың жасалу үдерісімен танысуға мүмкіндік берілді. Айта кетейік, шараны Түркі мәдениеті мен мұрасының халықаралық қоры, сондай-ақ Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Қазақстан мен Швейцария арасында өте маңызды экономикалық байланыстардан бөлек, туризм, ең бастысы мәдени байланыстар да дамып келе жатқаны қуантады. Орнаған әріптестік одан әрі нығайтып, достығымызды дамыта түсу керек.

Біз он жылдан астам қазақстандық туристік компаниялармен ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз. Екі ел арасында туризм саласында сенімді серіктестік орнаған. Бұл, әрине қуантады. Көптеген жаңа және қызықты нәрселерді үйреніп жатырмыз. Мұның жемісін көру де алыс емес деп ойлаймын.