ШЫҰ елдері ұлттық тағамдарының фестивалі өтті
Душанбеде гастрономиялық фестиваль өтті. Мұнда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер өздерінің ұлттық тағамдары - палау, дымляма, тандыр самса, күлше тағы басқаларын ұсынды. Келушілерді тек түрлі тағамдар ғана емес, рецепттердің де алуан түрлілігі таң қалдырды. Аспаздар дәмі тіл үйірер ондаған тағамды дайындаған. Кез келген адам дайындалған астан ауыз тие алады. Фестиваль Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық тағамдарын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру мақсатында өткізілді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева