Silk Way Star – заманауи мәдени дипломатияның бір үлгісі

Silk Way Star –  заманауи мәдени дипломатияның бір үлгісі

«Silk Way Star» халықаралық ән байқауы - заманауи мәдени дипломатияның бір үлгісі. Бүгін сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы арнамыздың эфирінен көрсетіліп, миллиондаған көрерменге ие болған жобаға арнайы тоқталды. Президент еліміздің төл мәдениеті дүние жүзіне лайықты деңгейде танылып келе жатқанын атап өтті. «Бұл сан қырлы қазақ мәдениетін насихаттау бағытындағы дұрыс әрі қажетті іс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске салайық, Silk Way Star – 12 елдің өкілі бақ сынаған Азиядағы бірегей халықаралық вокалдық байқау. Жобаны Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group бірлесіп ұйымдастырды. Биыл байқау Қытайда өтеді.