Сингапурде қызғалдақтар көрмесі өтті

Сингапурде қызғалдақтар көрмесі өтті

Сингапурде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қызғалдақтар көрмесі өтті. Мұнда алғаш рет қазақтың киіз үйі тігілді. Нұр-Сұлтан шеберлері жасаған киіз үйді көрмеге ұшақпен жеткізген. Сондай-ақ Қазақстандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің көшірмесі де жұрт назарына ұсынылды. Яғни көрме қонақтары гүлдерді тамашалап қана қоймай, қазақтың дәстүрі және музыкасымен де жақын танысты. Аталмыш көрмеге Сингапур министрі Индрани Раджа да келді. Бұл ел Қазақстанмен қарым-қатынастарын жоғары бағалайды. Еліміз дербестік алардан бірнеше ай бұрын екі мемлекет басшылары арасында жақсы байланыс орнаған болатын.

Әркен Арыстанов, Қазақстанның Сингапурдегі төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақстан мен Сингапур арасындағы қатынастар барлық салада қарқынды дамып келеді. Ал оның бастамасы осыдан 30 жыл бұрын Сингапурдің алғашқы премьер-министрі Ли Куан Юдың Алматыға жасаған тарихи сапары кезінде қаланды. Сол кезде ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Айта кетейік, көрмеге тек вакцина салдырған адамдарға келуге рұқсат етілді. Ол 14 қазанға дейін жалғаспақ. Көрмені елдің 200 мыңдай тұрғыны тамашалайды.