Сергей Цырульников: Мен – қазақ батырларының дәстүрін жалғастырушымын
«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымында Алматы қаласындағы шаңғы трамплиндері таныстырылады. Сондай-ақ әлемнің ең күшті адамдарының бірі Сергей Цырульниковпен сұхбат құрылады. Бұдан бөлек осы шығарылымда бадминтон туралы да айтылатын болады.
Сергей Цырульников – Қажымұқан Мұңайтпасовтың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан бұла күшті азамат. Ол темір шынжырды еркін үзіп, шегені қиналмастан майыстырады. Қазірге дейін 4 мәрте әлем рекордын жаңартқан. Қалған жетістіктері туралы өз аузынан тыңдаңыздар!
Трамплиннен секіретін шаңғышылар – жүрек жұтқан спортшылардың бірі. Себебі олар қатты жылдамдықпен жүйткіп секірген соң, ауада 5 секундтан астам уақыт қалықтайды. Сырт көзге өте әдемі көрініс болғанымен, өте қорқынышты. Мұндай спорт түрімен айналысуға мүмкіндік беретін Алматы қаласындағы трамплин – әлемдегі ең мықты әрі жақсы жабдықталған спорттық нысанның бірі. Ендеше оның қалай жұмыс істейтінін бағдарламадан тамашалаңыздар!