Әлемдік бокстың әйелдер арасындағы көшбасшылары кім? Римма Волосенко
«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымында Щучинск қаласындағы шаңғы-биатлон кешеніне барамыз. Бокстан Азия чемпионы Римма Волосенкомен сұхбат құрамыз. Жазғы биатлон мен дөңгелекті конькидің адам денсаулығына пайдасы туралы айтамыз.
Жуырда өткен бокстан Азия біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасының қыз-келіншектері 8 алтын жүлде жеңіп алды. Осылайша командалық есепте топ жарды. Доданың тарихында бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған. Алтыннан алқа таққандардың арасында астаналық Римма Волосенко да бар. Ол ұзақ жылдар бойы өзінің салмақ дәрежесінде бірінші нөмірлі спортшы болып саналады. Қазір оның өмір жолына кеңірек тоқталамыз.
Римма Волосенко 1992 жылы Қостанай облысында туған. Бокспен мектепте оқып жүргенде айналыса бастады. Қазір оның қоржынында Қазақстан біріншілігінің төрт алтыны мен Азия чемпионатының алтын жүлдесі бар. Бұдан бөлек ол көптеген халықаралық додаларда топ жарған.