Су ресурстарын басқарудың 5 бағыты
Қазақстанда су ресурстарын басқару бойынша нақты бес бағыт бекіді. Бұл туралы One Water саммитінде Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зүлфия Сүлейменова айтты.
One Water саммитінде Қазақстан ұсынған маңызды бастамалардың
бірі – Халықаралық ынтымақтастық орнату. Яғни, өзге мемлекеттермен бірлесіп,
өзен-көлдердің экожүйесін реттеу. Бұл
ретте еліміз Біріккен Ұлттар ұймының екі бірдей Су Конвенциясына қатысып, Fresh
water challenge жаһандық бастамасына үн қоспақ. Бұл Наурызым қорығындағы Ақсуат
көлін қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Қазақстан Балқаш көлін сақтауға да
ден қоймақ.