Сұлтан Бейбарыстың рөлін сомдағым келеді...
Француз философы Жиль Делёз «Актер кейіпкердің
рөлін ойнамайды, ол сол кейіпкер арқылы тақырыпты ашады», - дейді.
«Оян қазақ» телесериалында басты рөлді сомдаған
актер Бақыт Қажыбаев Міржақып арқылы Алаш тақырыбын аша алды ма?
Актер бір сұхбатында «Театрда өз рөлімді әлі
тапқан жоқпын. Ізденіс үстіндемін» деген екен. Кинодан көрерменін тапқан актер,
театрдан өз рөлін неге таба алмай жүр?
Ұстазы жақсы, ұстамы мықты актер ұсыныстарды қандай қағидамен қабылдайды? Басты рөлдерден бас тартқан сәттер болды ма? Жаңа маусымда «Жастар» театрының қандай жаңалығы бар?
Театр және кино актері, «Жастар» театрының актері – Бақыт Қажыбаевтың «Еркін сұхбатын» көріңіз!

