Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі әлеуеті қандай?

Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ондаған елге ресми сапар шегіп, олардың басшыларымен кездесіп, түрлі халықаралық шаралар аясында жүздеген іскер топ өкілдерімен кездесті. Келелі кездесулер келешегімізге қалай әсер етеді? Қазір жаһандағы геосаяси және геоэкономикалық ахуал мәз емес. Осындай қысыл-таяң кезде Батыс пен Шығысты жалғап тұрған Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы рөлі қандай? Түркі әлемінің қазіргі және болашақтағы ғылыми әлеуеті туралы мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Әділ Ахметпен «Еркін сұхбат».