Суретші Александр Ермоленконың шығармашылығы

Тұла бойы даралықтан жаралған, келбеті келіскен суретші Александр Ермоленко өз туындыларында шынайы болмысты айқын көрсете біледі.

Ол Қазақстанды жиі аралап, жабайы орындарды, байырғы елді-мекендерді еңбегіне арқау етеді. Суретші  адамның тұрмыс-тіршілігін, аң-құстарды бейнелейді. Өзі Алматының тумасы болғандықтан ба, қаланың жайма шуақ күндері, ескі көшелері, трамвайлар мен көшеде қыдырған қала тұрғындарын қаз қалпында кенепке түсіреді.

Қылқалам шеберінің шығармашылығымен біздің бағдарламамызды көріп, таныса аласыздар.