Сүйектегі қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі енгізіледі

Сүйектегі қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі енгізіледі

Енді обырдың төртінші сатысына шалдыққан науқастар уыстап дәрі ішпейді. Отандық дәрігерлер сүйектегі қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісін енгізбек. Бұл онкологиялық көмек сапасын арттырудағы маңызды қадам, - дейді дәрігерлер. «Самарий оксабифор» деп аталатын жаңа препарат адам ағзасына тамыр арқылы жіберіледі. Бұл тәсіл алдағы күндері алғашқы екі пациентке қолданылады. Науқастар радиофармацевтикалық препаратты үш айда бір рет қабылдайды. 4-5 рет курстан өткеннен кейін кейбір науқастар емделіп те кетуі мүмкін. Ал, ол дәрінің адам ағзасына қалай сіңгені арнайы құрылғы арқылы анықталады. Жаңа әдіс ауырсынуды жеңілдетіп, дәрілерге деген қажеттілікті азайтады, сондай-ақ сырқаттың асқынуын баяулатуға көмектеседі. Жаңа терапия ядролық медицинаға негізделген.