Светқали Нұржан: Ясауи ілімі – Алла тағаланың бізге жіберген ақиқат жолы

Светқали Нұржан ұлттық рух пен қазақы дәстүрге бай, батырлық аңыздар мен жыраулық өнердің сарқыты сақталған Маңғыстау өлкесінде дүниеге келген. Бала күнінен-ақ сол аймақтағы ұлы жыраулардың көзін көрген, сол өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші, көнекөз жыраулар мен ақындардың сөзін естіп, жадына тоқып өскен.