Қазіргі айтыстың салмағы қандай?
Айтыс – қазақтың арда өнері. Ғасырлардан бері алтын арқауы үзілмей келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Қазіргі айтыстың салмағы, айтыскердің статусы қандай?
Қазір технологияның, жасанды интеллектінің заманы. Жаңа заманда айтыс өнерін қалай насихаттауға болады? Ұлттық өнерге жастардың қызығушылығы қалай?
«Еркін сұхбат» бағдарламасының қонағы – айшықты сөз, өрелі ой, түйдек-түйдек тіркеспен айтыс сүйер қауымның ықыласына бөленген ақын, «Алтын домбыра» иегері, жыршы, термеші Еркебұлан Қайназаров.
Айтыскермен сырлы сұхбатты Jibek Joly телеарнасынан көріңіз!

