Алмас Алматов: Жырды жаттау үшін аса ыждағаттылық керек

Қазақтың жыршылық өнерінің қазіргі насихаты мен тәрбиелік мәні қандай? «Сыр елі – жыр елі» деп жатамыз. Ұлттық өнерді қолдаудың жаңаша форматы Қызылорда өңірінде қалай дамуда? Жыршы-жыраулардың әр сөзінде дәстүр мен дін бірге өрілген. Бұның ұлттық тәрбиедегі рөлі қандай? Астанада өткен «TURKTIME» саммитінде Түркі дәуірінің уақыты келгені айтылды. Түркі дүниесіне ортақ мұра ретінде біздің ұлтымыздың қосар үлесі қандай болмақ? Қазақ халықының жыршылық, жыраулық дәстүрін жалғастырушы, домбырашы, фольклор зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовпен «Еркін сұхбат».