Тұрысбек Сәукетай: Әлем әдебиеті бізді тануы үшін не істеу қажет?

Бүгінгі студиямыздың қонағы - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Тұрысбек Сәукетай.
Тұрысбек Сәукетай - ақын, жазушы, 200-ден астам киносценарий мен «Желқайық» , «Эпилог», «Қызылбалақтың қазасы», «Мен жындымын» романдарының авторы. Ги де Мопасанның, Амброз Бирстің новеллалары мен Голдо Мейердің «Менің өмірім» кітабын тәржімалаған. Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері.