Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалы қандай?

Президент өз Жолдауында креативті индустрияны дамытуға қатысты тың бастама көтерді. Осы тұрғыда «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми орталығы қандай жұмыстар атқаруда? Қазір бүкіл әлем жасанды интеллектіге көше бастады. Өркениеттің осы бір көшінен қазақтың тілі өз еншісін қалай алады? Техника мен ғылымның тілін қазақ тілінде сөйлету үшін қандай шаралар қолға алынуы тиіс? Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілінің мәселелері жөнінде «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми орталығының бас директоры Мақпал Жұмабаймен «Еркін сұхбат».