Тағдырларды тілсіз сөйлеткен естеліктер
31 мамыр - Қазақстан саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық
құрбандарын еске алу күні. «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені ел тарихындағы осы
ең қайғылы кезеңнің куәсі. Онда 20 мыңнан астам құнды жәдігер сақталған. Жуырда
музей қорына тағы біраз экспонат қосылды. Нақтыласақ, неміс тумасы Лотта Райс
пен мәскеулік Мирра Бухинаның жеке заттарын өткізілді. Жәдігерлерді олардың
туыстары әкеліп тапсырған. Екеуі де 1937 жылдары «АЛЖИР» лагерінде бес жылдан
жаза алып, қамалған. Босаған соң, олар өмірінің ең ауыр кезеңінің айғағы
ретінде түрмеден алып шыққан заттарын сақтап жүріпті. Мәселен, қолдан тігілген
алжапқыш, көйлек, орамал, жастық тысы, сөмке және жұбайының жейделері. Енді бұл
заттар – аналық махаббат пен адам рухының беріктігін дәлелдейтін құнды мұражай
заттары болып сақталмақ.

