Таразда екінші «Жайлы мектеп» ашылды

Таразда екінші «Жайлы мектеп» ашылды

Таразда бүгін екінші "Жайлы мектеп" ашылды. 1200 оқушыға сиятын білім ордасы қаладағы «Ұлы Дала» мөлтек ауданында бой көтерді. Өңірдің 85 жылдығымен тұспа – тұс келген жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі мен білім саласының ардагерлері, қала тұрғындары мен мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жайлы мектеп барлық стандаттарға сай салынған. Оқушылармен мен педагогтердің қауіпсіздігі де ескерілген. Бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушылары жеке блоктарда оқиды. Жаңа мектептің ашылуына арнайы келген аймақ басшысы мектеп оқушыларына интерактивті панель тарту  етті.