Таразда жарылыс болды

2021 жылдың 26 тамызында сағат 19:10-да Байзақ ауданы, Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің No28349 әскери бөлімінің (инженерлік бригада) оқ-дәрі қоймасы жанды.

250 тұрғыны бар Қайнар ауылы 1 шақырымға жетпейтін қашықтықта орналасқан. Халықты эвакуациялау басталды. Екі үлкен жарылыс пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жараланған бір қызметкері туралы ақпарат бар (қызметкердің деректері нақтылануда). Дабыл белгісі бойынша облыстың полиция департаментінің жеке құрамы(300 адам) және 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы (520 адам) қызметке кірісті. Оқиға орнына 30 есептеуден тұратын жедел жәрдем бригадасының және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді. Апат болған жерге баратын барлық жолдар, соның ішінде теміржол уақытша жабылды.

Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуациялануда. Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді патрульдеу ұйымдастырылды. Байзақ ауданында жедел штаб құрылды, оны облыс әкімі Б.Сапарбаев басқаруда. «Алматы-Тараз» жолдарын облыстың жол полициясының 3 экипажы, «Тараз-Алматы» 5 экипажы уақытша жауып тастады. Зардап шеккендер Тараз қаласының N1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен түсті.

Қоғам және БАҚ өкілдерінен жедел штаб ұсынатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты пікір білдірді

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесуде. Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді» делінген хабарламада.

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Оның 11-і – әскерилер. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Қазір оларға Тараз қаласындағы нөмірі бірінші ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға орнына 16 жедел медициналық көмек көрсету бригадасы аттанды. Қазір жақын маңайдағы ауылдардан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрғындар эвакуацияланып жатыр

250 тұрғыны бар Қайнар ауылы 1 шақырымға жетпейтін қашықтықта орналасқан. Халықты эвакуациялау басталды.

Апат болған жерге баратын барлық жол, соның ішінде теміржол уақытша жабылды. Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуациялануда. Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді патрульдеу ұйымдастырылды. Байзақ ауданында жедел штаб құрылды, оны облыс әкімі Б. Сапарбаев басқаруда. «Алматы-Тараз» жолдарын облыстың жол полициясының 3 экипажы, «Тараз-Алматы» 5 экипажы уақытша жауып тастады.

Ақпарат көзі: Хабар 24