Ташкенттің эксклюзивті дүкендері
Негізінен, басқа елге саяхат жасағанда, ұлттың салт-дәстүрі мен халықтың болмысын айқындайтын экслюзивті заттар, экзотикалық бұйымарға қызығушылық танытатынымыз сөзсіз.
Бағдарламамызда «Шығыс жұлдызы» атанып кеткен Ташкент қаласына саяхат жасауға шақырамыз. Мұнда сізді тамсандырып, таң қалдыратын дүниелер жетерлік. Жарқыраған күн шуағы, қонақжай халқы, ерекше сәулеті мен экслюзивті дүкендері сізге естен кетпес әсер сыйлайтыны анық. Ұлттық нақыштағы кәде сыйларды қайдан сатып алуға алуға? Ташкентте қандай ерекше арт-дүкендер бар?