«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 6,2 млн адам қатысты
Үкіметте «Таза Қазақстан» акциясының 1 жылғы қорытындысы да жасалды. Былтыр экологиялық бастамаға ел бойынша 6 миллион 200 мыңнан астам адам қатысқан. Олар тазалық шараларына тұрақты атсалысып, 1 млн тоннадан астам қоқыс пен қалдық жинады. 1 млн 600 мың түп ағаш отырғызып, айналаны абаттандыруға да үлес қосты. Игі бастамадан белсенділер де шет қалмады. 90 мың эко-волонтер тарихи-мәдени нысандардың аумағын тазартты. Бұдан бөлек, 717 ескерткіш жаңартылды.

