«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар облысында ауқымды іс-шаралар өтті
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ауқымды іс-шаралар өтті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысуда. Бүгін Павлодар облысының түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке бірыңғай еңбек қарқынымен шықты.
Экологиялық іс-шараларға жүздеген қатысушылар жиналды, олардың арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және жай ғана бей-жай азаматтар бар. Барлығы 10-нан астам түрлі акциялар өтті.
Жастарды экологиялық мәдениетке және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында облыс орталығында Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері мен қызметкерлерінің бастамасымен қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді енгізуге бағытталған «ЭкоДесант» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында бір топ эковолонтерлер күні бойы ластанған көшелерді, аулаларды, саябақтар мен алаңдарды қоқыстарды тазарту үшін аралап шықты. Сонымен қатар, ЭкоДесант Ойын – сауын орталығы мен адамдар көп жиналатын орындарға барып, облыс орталығының тұрғындарына қалдықтарды бөлек бөлек жинауға және қайта өңдеуге халықты тарту туралы ақпараттық буклеттер таратты.
Айта кету керек, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына ағымдағы кезеңде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, ПИК, МИБ өкілдері жұмылдырылды. Барлығы 330,0 мың адам қатысты, 276 сквер, саябақ абаттандырылды, 98 мың тонна қоқыс шығарылды, 29 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды.

