«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы – Конституциялық міндет

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы – Конституциялық міндет

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы – конституциялық міндет. Алматы облысына барған сапарында Президент жергілікті басшылыққа Алатауға зәулім үй салып, инфрақұрылымды реттеу жеткіліксіз екенін ескертті. Ең бастысы, смарт-сити халықаралық іскерлік және инновациялық орталықтың ғана емес, сондай-ақ таза қаланың да үлгісіне айналуы қажет. «Таза» деген сөздің мағынасы көпқырлы: бұл – қалаларымызды тазалау, көгалдандыру, көркейту, абаттандыру деген сөз. Сонымен қатар бұл – ниетіміздің тазалығын сақтау, отаншылдығымызды паш етуді білдіреді. «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық қозғалысы Әділетті Қазақстанның болмысына, тіпті оның тұтас идеологиясына айналуы керек», – деді Президент. Сондай-ақ, Ата заң мемлекеттің тірегі екенін осы жерде де қайталап айтты.