Терім науқаны: 1,2 млн тонна астық жиналып қойды
Әне-міне дегенше күз де таяп қалды. Қазір егін алқабында ала жазда еккен
дән темірінің алды басталды. Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпарына қарағанда,
тамыздың алғашқы он күндігінде 1,2 млн тонна өнім жиналған. Бүгінде сегіз
өңірде егін жинау науқаны жүріп жатыр. Негізгі жұмыстар осы айдың соңында қыза
түсуі тиіс. Диқандарға 139 мың трактор, 31 мың комбайн бастаған техника көмекке
қосылған. Жанар-жағармай жағын реттеу үшін биыл 402 мың тонна дизель отыны
жеңілдетілген бағамен берілген.

