Tik Tok желісіне тыйым салу мерзімі кейінге қалуы мүмкін

Tik Tok желісіне тыйым салу мерзімі кейінге қалуы мүмкін

АҚШ сенаторлары Байденнен Тиктокқа тыйым салуды кейінге қалдыруды сұрап отыр. Бұған дейін Конгресс арнайы заң жобасын қабылдаған. Құжатқа сәйкес, қытайлық «БайтДэнс» компаниясы Тик-Токтың акцияларын осы айдың он тоғызына дейін сатуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, қосымша Apple және Google сияқты бағдарламалық дүкендерден жойылады. Алайда «Байт Дэнс» компаниясы бағалы қағаздарды бекітілген уақытта саудалап үлгермейтінін мәлімдеді. Өз кезегінде депутаттар тикток қысқа мерзімде жойылса, бұған қамданып үлгермегендердің кәсібі тоқтайды дейді. Айта кетсек, қазір АҚШ-та Тиктокты 170 миллион адам қолданады. Тағы 7 миллион тұрғын осы желі арқылы бизнес жүргізіп отыр.