Украина аумағынан 450 қазақстандық эвакуацияланды

Украина аумағынан 450 қазақстандық эвакуацияланды

Украина аумағынан 450 қазақстандық эвакуацияланды. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, қазіргі уақытта Киев пен Львовта топ құрылып жатыр. Тағы да 80-ге тарта адам отанына оралады деп күтілуде. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 1,5 мыңнан астам қазақстандық консулдық тіркеуде тұр. Ал 660 отандасымыз Украинадан кетуге ниет білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстарымен отандық дипломаттар айналысып жатыр. Украинадағы Қазақстан елшілігінде 8 қызметкер жұмыс атқаруда.