Еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

Еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

Бұқтырма су қоймасының үстінен өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды. Бұл Президенттің тікелей тапсырмасымен салынған мегажоба. Ол алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады. Ұзындығы 1316 метр, екі жолақты автомобиль көпірі тәулігіне 80 мың көлікті өткізе алады. Өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылған. Жоба барлық сапа стандарттарына сәй, озық инженерлік технологиялармен, жергілікті жұмыс күшімен салынған.