TikTok-та 10 млн теңге тапқан әже
Атыраулық Хадиша Аймұхамбетова Тикток арқылы табыс тауып, пәтер сатып алды. «Батыстың әжесі» лақап атымен танымал қолданушы TikTok компаниясымен келісімге де отырған. Тікелей эфирде шетелдіктермен жекпе-жекке шығып, аудиторияның үлкен қолдауына ие болған.
Хадиша апай үйде үш немересін бағып отыр. Оған қоса, 70 жастағы әже Тикток желісінде күнделікті 4-5 сағатын өткізеді. Мұны үйреткен өз ұлы. «Батыстың әжесі» лақап атымен елге танылған апа қазір әлеуметтік желінің жұлдызы. Ең қызығы, 10 млн табыс тауып, жаңа баспана алған.

