ТМД елдері жемқорлық қылмыстарын бірлесіп анықтайды
JJ
Studio-ның кезекті шығарылымында ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты Ерболат Саурықов қонақта. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы
ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасын қарады.
Бұған дейін өзара келісім 2022 жылдың 14 қазанында Астана қаласында
қабылданған. Оған 7 мемлекет кірді.
Заң жобасының негізгі
мақсаты – ТМД елдеріндегі сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұруымен тікелей
байланысты. Оның алдын алу, оларды болдырмау мақсатында қолға алынды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық болған
жағдайда елдер арасында бірлесе жұмыс атқаруға, қылмыстық топтарды
іздестіру сынды мәселелер, ұрланған активтерді елге кері қайтару да осы
ратификацияның бір бөлігі саналады.
Заң жобасы беретін басқа да айырықша
мүмкіндіктер қандай? Жалпы жүйе қалай іске аспақ? Мәжіліс депутаты Бас
прокуратура мен
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс агенттігі жұмысына қандай
баға береді? Сүбелі сұхбаттан білесіз!

