Токио Олимпиадасына шетелден көрермен кіргізілмейді – БАҚ
Жапония билігі Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына шетелдік көрермендерді шақырмайтын болды. Бұл туралы «Киодо» агенттігі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, мұндай қадамға бірқатар елде анықталған коронавирустың жаңа түрлері себеп. Дегенмен ресми шешім әзірге жоқ. Ол алдағы аптада Халықаралық Олимпиада комитеті өкілдерімен өтетін кездесу барысында қабылданады деп күтілуде.
Айта кетейік, коронавирус індетіне байланысты жапон жұрты Олимпиаданы өткізуге қарсылық танытып отыр. Бірақ ел премьер-министрі жазғы ойындар қайткенде де өтетінін айтты.