Төлеу Мұқанов: Бүкіреюден арылу үшін балетке бардым
Бала кезінде анасы: «Балам, сен еңкейіп, бүкірейіп жүресің. Бойыңды тік ұстап жүру үшін хероеграфияға барып көрерсің, мүмкін түзелер», деген сөздерінен кейін Төлеу Мұқанов көп ойланбай, биді таңдайды. Сымтаымды түзеймін деп барғандағы мақсат балетпен шындап айналысуға ұласып кетеді. Алғаш хореографиялық гимназияны ақтаған соң, Селезнов атындағы хореографиялық училищеге түседі. Ал бүгінде мұхит асып, Америка елінде тұрып жатқан Төлеу бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Бағдарламада болашағынан зор үміт күттірер жас балет әртісінің өмірі және шығармашылығы туралы өзі баяндап береді.