Төтенше қызметтегілерге 43 техника мен 25 пәтер кілті табысталды
Шымкентте төтеншеліктерге 43 су жаңа техника мен 25 пәтердің кілті табысталды. Баспаналы болғандардың ішінде байырғы офицерлер мен жас құтқарушылар да бар. Заманауи өрт сөндіру техникалары мен пәтер кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің өзі табыстап, құтқарушыларды қос қуанышымен құттықтады.

