БҰҰ Қазақстанның цифрлық үкіметіне жоғары баға берді

Қазақстан - электрондық үкімет қызмет саласындағы көшбасшы ел. БҰҰ өкілі Винченцо Акварио еліміздің цифрлық дамуына осындай баға берді. Сарапшы халықаралық ұйымның Цифрлық үкімет, экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімін басқарады. Біздің еліміз жаһандық индекстің төрт кластерінің ішінде ең жоғары орындарда. Рейтингті құрастыру кезінде үш маңызды аспекті онлайн қызметтерді көрсету, телекоммуникация және адами әлеует ескерілетінін айта кеткен жөн. Рейтинг шеңберінде БҰҰ-ға қатысушы 193 ел бағаланады.

Винченцо Акуаро, БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің басшысы:

Қазақстанның электрондық үкіметті дамыту саласындағы озық тәжірибесін ерекше атап өткім келеді. Оны әлемнің басқа елдеріне де тарату қажет. Мысалы автокөлікті қайта тіркеу қызметінің онлайн нұсқасы көп елдің қызығушылығын туғызады. Атап айтсақ, Еуропада азаматтар дәл осындай қызметтің жоқтығынан қиындықтарға тап болады.

Дәулет Бекманов, мемлекеттік қызмет көрсету комитетінің төрағасы:

Рейтинг үш түрлі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі инфраструктура, яғни біздің интернетіміз кімге-қалай жеткізіледі? Екіншісі адами капитал, үшінші электрондық сервистер бойынша. Міне сол электрондық сервистер бойынша бірінші 10-дыққа кірдік.