Цифрлық апокалипсис: әлеуметтік желілердің жұмысы 6 сағатқа тоқтап қалды

Цифрлық апокалипсис: әлеуметтік желілердің жұмысы 6 сағатқа тоқтап қалды

Әлеуметтік желілер цифрлық апокалипсистен кейін қалпына келе бастады. Ауқымды істен шығудан кейін Facebook, WhatsApp және Instagram жұмысын жартылай реттеді. Сарапшылардың айтуынша, қазір интернет-платформаларды жандандыруға бағытталған жұмыстар әлі де жалғасуда. Желілер кемінде 6 сағаттан астам уақыт істемей тұрды. Кешкі 21:00-ден кейін әлемдік сервистер қызметінде болған ақау туралы бүкіл әлем бойынша миллиондаған қолданушы жаза бастады. Ақаудың себебі әлі анықталмады, бірақ кейбір сала мамандары бұл оқиғаны Facebook қолданатын серверлермен байланыстырып отыр. Бұл платформа үшін 2008 жылдан бері орын алған ең үлкен ақау болды. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта нақты залал көлемін есептеу қиын, бірақ ірі әлеуметтік желілердің жұмысындағы ақауларға байланысты шығындар 160 млн долларға бағаланып отыр.

Кандид Уест, Киберқорғау зерттеу компаниясының вице-президенті:

- Әрине, бұған дейін де компаниялардың хаттамаларына шабуылдар болған. Сондықтан бұл таңғаларлық жайт емес. Бірақ бұл жағдайда зиянды шабуыл емес, адамның қателігі осындай үлкен зардаптарға әкелді.