Туған жер табиғаты
Адам баласы қашанда қоршаған ортаны, табиғат сұлулығын жырлауға, бейнелеуге ынтық болған. Өйткені табиғат пен адам бір-бірімен етене жақын. Кең-байтақ еліміздің мың құлпырған сан-алуан табиғаты, көрген жанды ғажайып әсерге бөлейді. Сондықтан да Қазақстан бейнелеу өнерінде табиғат тақырыбының алар орны ерекше. Осы бір ауқымды тақырыпқа қалам тартпаған суретші, сірә, жоқ та шығар. Суреткердің жүрегінен шыққан табиғат көріністері, көрген жанға белгілі бір көңіл-күй береді. Сондықтан суретші мақсатының бір ұшы – көңіл-күйді бейнелеу. Жалпы бейнелеу өнерінде форма мен түсті және негізгі қағидалар мен ережелерді меңгеруде табиғат тақырыбының орны ерекше.